Ақылдасу, кеңесу, пікірлесу, мәслихаттасу

lat: Aqyldasý, keńesý, pikirlesý, máslıhattasý

Қандайда бір icmi, мәселені көптің талқысына салып, солардың пікірлерімен есептесу, санасу.

Егерде бала белгілі бір жаман әдетке әуестеніп бара жатса, оның ата-аналарымен ақылдаса отырып, тиісті шара қолдану керек (С. Көбеев).

Ecкi ауылдың салты қызық, жергілікті рулардан өзі кедей біреумен кеңесе кетсең, арғы аталарын бай болған деп мақтанады (С. Мұқанов).

Рабит aғa жасы кісілермен қашан кездессе де, ақыл қосып, әлденелер жөнінде пікірлесіп , өзінe ой толғандыртып жүреді (М. Әлімбаев).

Отбасында отырып, күрең шайды ұрттай түсіп мәслихаттасу кемпірлердің сүйікті cәттерi-ay (Ә.Исабеков).